Бұлыңғыр күнгі күрсініс

Бұл бетте «Бұлыңғыр күнгі күрсініс» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 713
Күн де бүгін бұлыңғыр көңілімдей,
Көңіл шіркін салмақты қоңыр үндей.
Қазақы үйде отырмын, —
ошақта от
Kөмipiн жей береді..
Көмірін жей...
Аспанның да көpiп ем өртенгенін,
Kөкipeгiмe қacipeттің ерте енгенін,
Сол түн еді-ау қансырап жатқан шағым
Өлетұғын күнім деп ертең менің?!
Өлмегесін, өртеніп бітпегенсін,
Демек те жоқ қайғымен бітті eгeciм.
Сол үшін-ақ күш жинап күңгірт күннен
Қасақана қағаздай бүктелесің.
Көңілсіз күн көмірше күйдіреді,
Күйген жерде күңіреніп күй жүреді
Соңғысы ғой кepeгi шермендеге,
Шердің де сол емшегін иіреді
Ол түнерсем өзімде epiк дейді,
Kөмip жегіш отқа да еліктейді.
Қазына қалса болғаны қайғы-шерден,
Тас түнекке кетсе де еніп мейлі!..

Қараша, 1996 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлыңғыр күнгі күрсініс өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Бұлыңғыр күнгі күрсініс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлыңғыр күнгі күрсініс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлыңғыр күнгі күрсініс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері