Өлең, жыр, ақындар

Өз отаным

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 675
Қалай Ата бола алған Ата кісі?
Бізден соның артық па атақ, ici?
Оны ойламай, қуанам бipey мені
Келіп тұрса аға деп атағысы.
Төсенішке тердегі орныққасын,
Көпті көрген көне деп оны ұққасын.
Маңыздана қалады қарттың көбі
Сақалы мен сипап бел омыртқасын.
Қымыз, шайды ұят деп жиі ұрттаған
Үлкенсуді құдайым бұйыртпаған.
Сексен жасым серіктей серілерге,
Алған солай алладан бұйрықты ағаң.
Үлкендерге ылайық еместі ағаң
Деген де жоқ мен iшiп-жемес тағам.
Езіп айтқыш «естірек» жерден гөpi
Есер шақтың шалқитын жepi ecтi оған.
Жат кезге бұл мақтарлық ic еместей,
Сырты сылаң, құр бекер iшi елестей.
Жо-оқ, мен тоқтай алмаспын, о дүниеге
Өз тереңім түбіне түсе көшпей.
Албырт, ащы дару бар өлеңімде,
Тапқан талай дертімнің ол емін де.
Тынымсызбын! Түбінде тынсам тынам
Өз отыма өртеніп өлемін де!!!

Қаңтар, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саламатқа

  • 0
  • 0

Ақтылы қой, көпсең түйе майталман,
Көк-алалы көп жылқыны қайтарған,
Адай-түбек — ата қоныс, Атырау!
Асылынды түгел тізіп айта алман.

Толық

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Батыстан сәби ұлынан
Хош иiстi гүл алдым;
Сыбағам — тұз бен жылы нан
Жерінде Хамид Fұлямның.

Толық

Ақпейіл ақын достарға

  • 0
  • 0

Достарым! Менің халқым бар
Қоғамы жомарт қонақжай.
Көрген жоқ әсте салқындап
Тағатын тағам, қонар жай.

Толық

Қарап көріңіз