Біреуге еркелейтін Заман ба осы – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Біреуге еркелейтін Заман ба осы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1322
Біреуге еркелейтін Заман ба осы,
Бәрі де ағайынның аман болсын.
Қарбаласқан дүние арасымен,
Бастады тәуелсіздік далам көшін.
Қол тиер кез емес қой серуенге осы,
Даламның аман болғай керуен көші.
Дұшпан көп жан-жағынан анталаған,
Халқымның тәуелсіздік сенген досы.
Өзендер тасып-толып кемеріне,
Кеңейіп келіп өмір кемеліне.
Осынау тәуелсіздік аман болса,
Қазақты жеткізеді дегеніне!
Тағдырға жайып-жаймай алақанын,
Көгіне құс ұшырар балапанын.
Қазақты жеткізеді дегеніне,
Бүгіннен біз ойласақ бала қамын.
Жайнаған дүниеге жарасат гүл,
Ертеңге — сын артады болашақ бұл.
Тәуелсіз ғұмырларды баянды етер,
Сәбилер жанарында — болашақтұр!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері