Жастар үнін естіп оянайын – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Жастар үнін естіп оянайын» атты Шөмішбай Сариев жазған жастар туралы өлең берілген.

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 936
Жастар үнін естіп оянайын
Шырқатып бұлбұл дауыс қояды әнін.
Суретші таңнан тұрып төсегінен,
Сұлу ғып дүниені бояғанын,
Сезініп жүрегіммен оянайын.
Таңыммен әсем саздың қанатындай,
Болашаққа балбұлақ бала тынбай,
Жүгіріп жалаң аяқ ағатындай...
Төріме төрлей енер қонағам боп,
Алатау тереземді қағатындай.
Қандай сыр көкірегіме жолығады,
Қаламды алғаным жоқ қолыма әлі.
Шыққам жоқ сапарымның жолына әлі,
Әуелі атқан таңда жүрегіммен,
Сәулелі үйім менің шомылады.
Сол сәуле қайта оятып жүрегімді,
Сол сәуле серпіп тастап түнегіңді.
Сол сәуле өлеңім боп шұғылалы,
Жырлауға асығады ұлы өмірді,
Сол сәуле қайта оятып жүрегімді.
О, таңым! Дүниені бояғанда,
Көркіңе ғажап сұлу тоя алам ба?
Табынып таңырқауды қоя алам ба?!
Сәулелі таңым менің ата алмаса,
Мен мәңгі Өлең болып оянам ба?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері