Қайдасың, асау арыным – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайдасың, асау арыным» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайдасың, асау арыным,
Қайдасың, алау жалыным.
Суып та, сусып кеттің бе,
Дарыным менің, дарыным.
Бар етіп көңіл тасытпай,
Жоқ етіп жігер жасытпай.
Сүйеушім болған сұңқарым,
Қашықтай көрме, қашықтай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері