Өлең, жыр, ақындар

Есіл

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1378
Ақын болып жаратылдым не үшін мен?!
Бүгін алғаш амандастым Есілмен.
Бас иеміз дәл осы бір өзенге,
Келіп жеткен астаналық көшіммен.
Бабаларым су жағалап сан көшкен,
Осы өзеннің бойы үшін деп қан кешкен.
Өзен емес ағып жатқан тарих қой,
Есіл ерлер Есілім деп жан кешкен.
Ұрпағына беріп тұрып батаны,
Есілім деп қай қазағым атады?
Иірім тартып тарихы мол тереңнен,
Ұлы өзен толқып ағып жатады.
Жайқалып өскен қоғасы мен қамысы,
Жер мен суда қазағымның намысы.
Не ғажайып сыр шертеді тыңдасаң,
Іштей тынған Есілімнің ағысы.
Ақын болып жүрегіммен сезем ғой,
Сан ғасырлар ағысы үлкен кезең ғой.
Есіл ерлер Есілінде шомылып,
Талай қазақ жүзіп өткен өзен ғой.
Қайран жұртым қанша ғасыр қайғы алды,
Жатжұрттық кеп тұнығы да лайланды.
Қайран бабам ғұмыр кешкен Есілім,
Астаналық ұлы өзенге айналды!
Жылдар кеткен келді өмір кезегі,
Куаныштан жарылардай өзегі.
Толқып ағып, ішкі иіріммен таси бер,
Жаңа ғасыр!
Жаңа астана өзені!
Іштей тынған ұлы өзенмен сөйлестім,
Маған мұндай берген емес сыйды ешкім.
Бүгін алғаш амандастым Есілмен
Ғасырлармен сырласқандай күй кештім!

28 ақпан 1998 жыл
Ақмола шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кімнен кейін жанбаған көз арайың

  • 0
  • 0

Кімнен кейін жанбаған көз арайың,
Кімнен кейін қалмаған сөз ағайын,
Әр ғасыр сөйлетпей ме Махамбетін,
Әр ғасыр сөйлетпей ме өз Абайын?

Толық

Баласы екен Шектінің

  • 0
  • 0

Баласы екен Шектінің,
Баласы екен Тектінің,
Текті болсаң текті бол,
Болса-дағы көп мұңың,

Толық

Өнер құдіреті

  • 0
  • 0

Емдетпеген ем қалмай,
Емші іздеген ел қалмай,
Құтыла алмай ажалдан,
Тәрк етер тағын да,

Толық

Қарап көріңіз