Өлең, жыр, ақындар

Ұлы жол

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Көл бетінен көрдім өзім бейнемді,
Осы өзім бе деген іштей ой келді.
Өз-өзіме сапар кешіп, жол тартып,
Бастап кеттім бір ғажайып сөйлемді.
Кемшілікті қалай қайтып кеше алам,
Жан емеспін ақыл-ойсыз есалаң.
Өз ішіңе бойлау деген ғажайып,
Өзін-өзі білмейді екен еш адам!
Жұмбақты ашу мүмкін емес бір күнде,
Құпиялы қуанышың, күлкің де.
Адам өзі тұңғиық бір құпия,
Өзінді-өзің зерттеп шығу мүмкін бе?!
Өз әуенін өзі іштей тыңдатты-ау,
Бейнем өзі су бетінде тіл қатты-ау.
Өз көзіме-көзім анықжете ме,
Өз жүрегім өзіме де жұмбақтау.
Өмір білер озар бір күн, озбасын,
Сезім билеп, жан жүйкеңді қозғасын.
Маған жұмбақ дүрсілі де жүректің
Маған жұмбақ ой ойлаған өз басым.
Дүниені танып білдім сенен көз,
Жетсе-дағы бойды билеп кемел кез.
Ұлы өмірді тануменен тең болар,
Өз-өзіңді танып білу деген сөз.
Зертте өзіңді, оқы мәңгі бас алма,
Зерттемесең, құпиясын ашар ма?!
Өз-өзіңді білу деген ұлы жол,
Ұлы жолдар
Жеткізбейді қашанда!!!

наурыз 1998 жыл
Ақмола шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Амансың ба, көзкөрген

  • 0
  • 0

Амансың ба, көзкөрген,
Дүние мынау өзгерген.
Аға ұрпақтар аялдап,
Жас ұрпаққа сөз берген.

Толық

Қарлы боран

  • 0
  • 0

Қарлы боран,
жел ышқынып соғады,
Екі бетің,
қос құлағың тоңады.

Толық

Сексеуіл де гүлдейді....

  • 0
  • 0

Аппақ құм шөл далада туып өскен,
Тағдырдың тауқыметін уын ішкен.
Шөл далада мен өскен сексеуілмін,
Тамыры терең ғасыр суын ішкен.

Толық

Қарап көріңіз