Тоты – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тоты» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2856
Қайталайды қаймықпай,
Болмаған соң сотыңыз.
Айтқаныңды айнытпай
Айтып берер тоты құс.
Содан да оны кей уақта
Зейінді деп айтады-ау.
Өнер емес бірақта
Өзгелерді қайталау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері