Өлең, жыр, ақындар

Толғау

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 927
Қара жерге тамыр тартып өндім мен,
Көшпенді едім – тағдырымды жел білген.
Бүгін міне,
Өз АСПАНЫ,
Өз КҮНІ,
Өз ДАЛАСЫ,
Өз ТАУЫ бар ЕЛМІН МЕН!
Басы байлы бодан болсам кім тыңдар,
Жайым да жоқ қайғы менен мұң тыңдар.
Ұлтымыз бар, ҚАЗАҚатты Киелі,
ҚАСИЕТТІ ҚАРА ОРМАНЫМ ЖҰРТЫМ БАР!
Сағынумен жетті маған ғажап КҮН,
Өткен ҒАСЫР аяғында АЗАТ Күн,
КӨК БАЙРАҚТЫ ЕЛ БАСЫ БАР ЕЛІМНІҢ,
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ – ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚПЫН!!!
Сабырлы Елім толқып асып таспаған,
Өз ЖОЛЫМ бар
ЖАҢА ҒАСЫР бастаған,
ОҢТҮСТІКТЕ БІР АСТАНАМ – АЛМАТЫМ,
СОЛТҮСТІКТЕ – САРЫАРҚАМДА – АСТАНАМ!
Сайын Дала құдіретін сездік кең,
ҚАЗАҚжайлы сыр тартады сөз біткен,
МОЙЫНДАДЫ ҚАЗАҒЫМДЫ ЖЕР ЖАҺАН,
Кең Даламда бүкіл Әлем көз тіккен!
Мен ҚАЗАҚПЫН!
Жүрегімді тыңда Әлем,
ҚАЗАҒЫМНЫҢ атты таңы –НҰРЛЫ ӘЛЕМ,
МОЙЫНДАДЫ ПРЕЗИДЕНТІМ – ЕЛБАСЫН,
Тыңдап жатыр ЕЛ ҰРАНЫН КҮЛЛІ ӘЛЕМ!
Жарқыл қағып найзағайдай жасыны,
ҚАЗАҒЫМА ҚҰДАЙ БЕРГЕН АСЫЛЫ,
ЖАҢА ҒАСЫР құшағында тербелдік,
БАСТАЛДЫ ЕНДІ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҒАСЫРЫ!
Алғашында айналғанмен тосынға,
Бәрі осында, көз көргендер, досым да.
ЖАҢА АСТАНАМ құшағына жиылды,
ЕЛ ХАЛҚЫМНЫҢ ЗИЯЛЫСЫ ОСЫНДА!
МенАҚЫНМЫН! Мен несіне жасқанам,
АР-ОЖДАНЫМ – АҚ ОРДАМСЫҢ БАС ҚАЛАМ.
ТУ КӨТЕРГЕН ҚҰШАҒЫНДА САРЫАРҚА,
МЫҢСАН АЛҒЫС, КЕЛДІМ САҒАН, АСТАНАМ!
ҚУАНДАЛАМ,
Таңдан Әлем, таңырқа,
ЖАҢАӘЛЕМ,
ЖАҢАҒАСЫР,
ЖАҢА АРҚА,
АСТАНАМДЫ ТІК КӨТЕРГЕН БИІККЕ,
МЫҢСАНАЛҒЫС,
САҒАН КЕЛДІМ,
САРЫАРҚА!

26 қазан 2003 жыл
Алматы-Астана шаһары
Конгресс-Холл ғимараты



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәулесінен күн басқа

  • 0
  • 0

Сәулесінен күн басқа,
Бәйтеректен гүл басқа.
Бар әңгіме – әйелде,
Қыз бен Ана бір басқа.

Толық

Муза — менің мұратым

  • 0
  • 0

Муза, сен мұратымсың, мұң-қайғымсың?
Мұң-қайғымды сен бірақ тыңдаймысың?
Арманның ащы дәмін жұта-жұта,
Өкініп өтер ме екен бұл байғұсың?

Толық

Күлкі күні

  • 0
  • 0

Қуаныш, күлкі аулына сенімді күн,
Әзіл-қалжың сыйлайтын көріндігін,
Бірінші Сәуір – Көпеннің күні,
Он бесінші сәуір – менің күнім.

Толық

Қарап көріңіз