Ана хаттары

Бұл бетте «Ана хаттары» атты Шөмішбай Сариев жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 3082
Қарамай арманы мол екеніне:
«Бір көрінбей бұл, сірә, өтеді ме?» –
Деп, ана,
Хат жолдайсың сағынышпен!
Қызың болса қонды құт мекеніне!
«Өсірдім ғой ұл-қызды мұрат көріп,
Кеткендерің қалай бұл жырақ болып? –
Деп ұлыңа жазасың әскердегі,–
Көрініп қайт, қарғам-ау сұрай келіп...»
Хаттарыңнан сағынған жайды ұғамын:
«Жібермейтін үйіңе қай мұғалім?!–
Деп ұлыңа жазасың, оқудағы, –
Өзіңді ойлап мен әр кез қайғырамын».
Балалығым, жан анам, қалды ұяда!..
Ойың тарап отыр ма әр қияға?
Бірде кетіп қалғың кеп Алматыға,
Бірде кетіп қалғың кеп «армияға».
Шақтарда хаттар бізден баяулаған,
– Тартып кеткің келеді-ау жаяу маған...
Ұл-қызыңның бәрін де жинап алып,
Түс көріп жүр меекенсің, аяулы анам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана хаттары өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ана хаттары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана хаттары өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана хаттары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері