Жол басы

Бұл бетте «Жол басы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1119
Ұйқысы алып далаң ең,
Өткеніңе енді, міне күйінші.
Атағыңа колды соғып бар әлем,
Сұрап жатыр сүйінші
Дәл үстінде төсіңнің
Тарихыңның бір парағын ашты арман.
Құшағында ұлы ғарыш көшінің
Ұлы жолы басталған.
Асқан асу, бел есеп...
Корабльдің екпінінен асылы.
Байқоңырды шакырады келешек,
Ғашық болып болашақтың ғасыры.
Арман гүлін түлетіп,
Осы жерден қанат қақты алғаш ұл.
Космодром — ұлы даңқын жүк етіп,
Иығына асып алды сан ғасыр.
Шуағы мол көңіл күн,
Жол басынан аяп қалмас шапағын.
Байқоңырым бастап берді өмірдің,
Аяқталмас сапарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол басы өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Жол басы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол басы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол басы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері