Өлең, жыр, ақындар

Металл

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1952
Металл дейміз химия тілдерінде,
Айналар металға Адам жыр демінде;
Мойымайтын болаттар болғанымен,
Темір — тағдыр майысар бір жерінде.
Адам — Металл! Металдың класы бар,
Табиғи қоспасы бар, ласы бар,
Электр сезімдерді өткізгіштік,
Валентті, валентті емес күнәсы бар.
Адам — Металл! Металдың әр түрі бар,
Мөлдірі бар жылтырақ жалтыры бар;
Атомдық салмағына байланысты
Шойыны, сынабы бар, алтыны бар.
Бағалай алдық па біз дұрыс көбін,
Сездік пе иондардың тыныс демін?
Электр ток сезімді қабылдағыш
Мыс емес, ең әуелі күмістерім!
Металдар айқасқаны тәнті ме екен?
Қылыштай шайқасқанда салты бөтен.
Тағдыр балға соғылса ең әуелі
Тапталар темір емес, алтын екен!
Жауаптан қиын болар сұрақтар жоқ,
Сұрақтан қиын болар сынақтар көп.
Ақылдың домнасына түскен кезде
Металдан бұл өмірде «шлагтар» көп.
Өтетін өмірінде елге еленбей,
Елге еленген жандарға сенбегендей,
Өз мінезі өзгергіш опасыздау,
Тотыққыш металдар бар пенделердей.
Металдың сан түрі бар санатында,
Бәрі керек өмірдің заматында.
Титан ғана сыналар биіктерде —
Самолет лайнердің қанатында.
Арманды қиялдаумен от алды Адам,
Шексіз үміт шегіне жете алмаған.
Бірі — алтын, бірі — темір тағдыры бір,
Адамдай елестейді, металл маған.
Ұқсастықтар жоқ болсын еш жерінде,
Тағдырлас тұлпар Уақыт көштеріңде.
Қорытылып жатады Адам — Металл,
Жалын тіл, ақыл-ойдың пештерінде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түйе – шөлдің кемесі

  • 0
  • 0

Түйе – шөлдің кемесі,
Аққу – көлдің кемесі.
Түйе – шөлде жүзеді,
Аққу – көлде жүзеді.

Толық

Неге өлең жаздым екен білмедім

  • 0
  • 0

Неге өлең жаздым екен білмедім,
Өлеңменен өтті талай күндерім.
Өлеңменен өтті талай түндерім,
Неге өлең жаздым екен білмедім.

Толық

Сұлу көздің қарашығы – лирика

  • 0
  • 0

Сұлу көздің қарашығы – лирика,
Таңда түскен дала шығы – лирика.
Елжіреп жан езілгені – лирика,
Ғашық жүрек сезімдері – лирика.

Толық

Қарап көріңіз