Оянсам ойландырып таң тұрады
- 0
- 0
Оянсам ойландырып таң тұрады,
Жүректе сиқырлы бір ән тұрады.
Тоңып-мұздап күздегі жапырақтай,
Жаным менің неліктен қалтырады?
Бұл бетте «Талай ұрпақ шыңыңды бетке алады» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оянсам ойландырып таң тұрады,
Жүректе сиқырлы бір ән тұрады.
Тоңып-мұздап күздегі жапырақтай,
Жаным менің неліктен қалтырады?
О, Алатау! Өзіңді жаңа көрдім,
Туған жерден алдымен дала көрдім.
Кеудеме толқын атқан нар өркешті,
Құмды өлке суретін сала келдім.
Сағынышты жүрегімнің назындай,
Қырдың әсем қалқып ұшқан қазындай,
Сырлы әсем Сырдария сазындай,
Аңыраған аққулардың мұңындай
Есіме қапияда түсті ауылым,
Қиялдың қанатында ұшты-ау, күнім!
Кеудемді билеп алды бір сағыныш,
Елжіреп ойда-жоқта іш-бауырым.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі