Қазағымның күйлері-ай
Бұл бетте «Қазағымның күйлері-ай» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Сағынышты жүрегімнің назындай,
Қырдың әсем қалқып ұшқан қазындай,
Сырлы әсем Сырдария сазындай,
Аңыраған аққулардың мұңындай
Анасынан айырылған құлындай,
Алатаудың аппақ ойлы шыңындай
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!
Жеті өзендей Жетісудай салалы,
Сарыарқаның самалындай самалы,
Дүрілдетіп тебіренткен даланы,
Бабамыздың күңіренген зарындай,
Жайығымның жайлап аққан жанындай,
Даламыздың қайнап аққан қанындай,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!
Сексеуілдей қатып-семген сенімдей,
Бедірейгеп бетпақдала шөліндей,
Бала жанар Балқашымның көліндей
Қонағымдай келіп қалған күтінбей,
Жүректерден жаратылған бүтіндей,
Анамыздың уыз дәмді сүтіндей,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!
Сай-сүйекті сырқыратқан төзімдей,
Қайта оралмас махаббаттың көзіндей,
Қайталанбас қимас асыл сезімдей,
Толқытады теңіз-мұхит тасқандай,
Алдыңыздан арман елік қашқандай,
Құпиясы шексіз-тылсым аспандай,
Қазағымнын,
Қазағымның күйлері-а й!
Қатты мұңы көктен түскен жасындай,
Сырлы мұңы — таудың тілсіз тасындай,
Ащы мұңы көздің кермек жасындай,
Қасіретті қос ішектен құйылған,
Күмбірлесе күллі дүние ұйыған,
Тәңіріме сыйынғандай сыйынам,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі