Түнгі он екі – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Түнгі он екі» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 923
Өлеңмін мен өмірлік дос біріңе,
Болмайтын есептеусіз бос Күні де.
Бүгін, Ертең ортасы — дәл он екі,
Кездескен Уақыттың қос тілі де.
Қос тілі де кездескен екі арада,
Бүгін, Ертең ортасы — шекарада
Бетпе-бет келіп тұрмын өлеңменен,
Бүгінім ертеңіме жете ала ма?!
Түнгі он екі соққанын көріп біліп,
Кеудемді билеп алды көрікті үміт.
Өмір, саған арнағанөлең жаздым,
Бүгін мен Ертеңімді жолықтырып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері