Белбеу орнына жіп берген тоқалына – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Белбеу орнына жіп берген тоқалына» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 8476
Беліме жіп буындым, белбеусізден,
Жігіттер, қатын алма көргенсізден.
Жігіттер, қатын алсан көргенсізден,
Ғазыз басың қор болар тергеусізден.
Қолыңда қарияң болса, хатың деген,
Қария сөзі кітапқа жақын деген.
Жер ортада өлмесін атын деген.
Ер ортада өлмесін қатын деген.
Құдай қосқан қосағын жақсы болса,
Иманыңнан басқадан жақын деген.
Құдай қосқан қосағын жаман болса,
Шаңқылдаған қу қаншық кәпір деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері