Суретің сенің қолымда жоқ – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Суретің сенің қолымда жоқ» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 834
Суретің сенің қолымда жоқ,
Күндіз-түні қарар едім ерінбей.
Суретің сенің жанымдағы от,
Сырт көздерге жанады тек көрінбей!..
Суретің сенің өмірде жоқ,
Қайдан болсын табар едім ерінбей.
Суретің сенің көңілдегі от,
Сырт көздерге маздап жанар көрінбей!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері