Көрінсе біреу алыстан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көрінсе біреу алыстан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Көрінсе біреу алыстан,
Өзің ғой деп дір етем.
Тағатымды тауысқан,
Лапылдаған бір от ең.
Оралады ойға әнің,
Кетіп едім, ұмытып.
Жүрсің маған беймәлім,
Кімнің жанын жылытып?!
Сен біреудің күнісің,
Мен біреудің айымын.
Тарылып беу, тынысым,
Шайқайды үміт қайығын...
Қараса біреу алыстан,
Дір етемін, өзің деп.
Төзімімді тауысқан,
Тағат қайтіп көз ілмек!
Бұраң өмір, жолы шың,
Кездесуге уақыт жоқ.
Көрінеді-ау, сол үшін,
Еске алу да бақыт боп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері