Біздің ғасыр

Бұл бетте «Біздің ғасыр» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1348
Жаңғырып жер бетінде жол қалды — ізден,
Жан болмас түп-тамырмен орманды үзген.
Біздің Ғасыр,— дейміз біз,— Біздің Ғасыр,
Біздің Ғасыр өйткені, болған бізбен!
Сен маған Ғасырлас боп қосыласың,
Шертейік біз екеуміз қосыла сыр.
Құлақ сал, зердеңе түй, досым, асыл,
Біздің ғасыр — өрт ғасыр, атом ғасыр,
Біздің ғасыр — от ғасыр, осы ғасыр!
Бұл ғасыр өтеді ертең, қайран, ғасыр,
Орман болып жапырақ жайған ғасыр.
Соғыс пен Бейбітшілік арпалысқан,
Күрес ғасыр! Мазасыз майдан — Ғасыр!
Біздің ғасыр бәрін де көрген ғасыр,
Өртті де, ажалды да жеңген ғасыр.
Жаралы жауынгердей құлап жатып,
Болашаққа бәрібір сенген ғасыр!
Өрт орнына жалғыз дән еккен ғасыр,
Көз жасын жесірлердей төккен ғасыр.
Жетім өскен сәбидей жасын жұтып,
Жәбір көріп, жетіліп жеткен ғасыр!
Ащы-тұщы өмірді татқан ғасыр,
Беліне қайыс белбеу батқан ғасыр.
Майданның алаңында өлім менен
Өмірдің арасында жатқан ғасыр.
Біздің ғасыр — бабалар күткен ғасыр,
Ар-ожданы пәк, таза, сүттен де асыл.
Әділетті соғыста әлемге айқын,
Жеңіс туын жүрекке тіккен ғасыр!
Жүзінен айдың нұры тамған ғасыр,
Жанарда жұлдыз оты жанған ғасыр.
Бостандықтың ең тұңғыш дәмін татқан
Адамзат баласына арман ғасыр.
Біздің ғасыр — данышпан, дана ғасыр,
Тау — ғасыр, теңіз — ғасыр, дала — ғасыр,
Бәрін де игіліктің иемденер
Тұр күтіп Болашақтан жаңа — ғасыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ғасыр өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Біздің ғасыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ғасыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ғасыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері