Өлең, жыр, ақындар

Теңіз шықсаң әрі ұзап

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 774
Теңіз шықсаң әрі ұзап,
Ащы суда – шөлдесің.
Арал деген аңызақ,
Желге ұстаған кеудесін!..
Біле-білер бәрін кім,
Арқамызда жүр қамшы.
Өркеш-өркеш нарын құм,
Су сұраған бір тамшы.
Тағдыры үнсіз орманмен
Теңіз жүздім толғана.
Теңіз үсті болғанмен,
Теңіз дағы шөл дала.
Кемеден бір түсе алмай,
Ақиқатқа қанықшы.
Теңіз ащы, іше алмай,
Аңқасы кепкен балықшы.
Дала да шөлдеп жатады,
Теңіз де шөлдеп жатады,
Сағынып таңым атады,
Қия алмай күн батады.
Тамшыда тірлік – біле біл,
Таңдайға тисе – тірегің,
Далам – теңіз арасы –
Шөл кернеген ұлы Өмір!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгілік ұмыт дедің, биіктен құлатқанын ба?

  • 0
  • 0

Мәңгілік ұмыт дедің, биіктен құлатқанын ба?
Жүрегім тұнық менің, шынымен жылатқаның ба?
Өзгені ұнатқаның ба?!
Басқаның бұлақтарында, әлдешуақтарында

Толық

Лирикада бір сиқыр күш билейді

  • 0
  • 0

Лирикада бір сиқыр күш билейді,
Оны жүрек қалай ғана сүймейді?!
Қолға түспес терісіндей еліктің,
Орап алып жан-жүректі илейді.

Толық

Боран

  • 0
  • 0

Боранды көрдім мен алғаш,
Жан-жағымды көре алмас.
Алай-түлей борады-ай,
Құдірет күш жеңе алмас.

Толық

Қарап көріңіз