Өзіммен-өзім болайын – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Өзіммен-өзім болайын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1542
Өзіммен-өзім болайын,
Өкпелеме, ағайын.
Жырымнан дәмді таттыңдар,
Шырқаған тойда талайың.
Қолымнан келсе, жыр бердім,
Құдайым өзің тіл бердің.
Алдарыңда, ағайын,
Алатаудай түргелдім.
Олай да бұлай жыр шаштым,
Ақтарылып сырлас күн.
Ойлайтыным жақсылық,
Өздеріңмен сыйласпын.
Бала да болдым алдыңда,
Дана да болдым алдыңда.
Таттым талай бақытты,
Баттым талай сан мұңға.
Соқтым өлең сарайын,
Шаштым шуақ арайын.
Өзіммен-өзім бола алсам,
Өзіммен-өзім болайын.
Ақтарылар пейіл көп,
Тұрғаным жоқ дейін деп.
Бақытты күндер қалды артта,
Қуаныштар да кейіндеп.
Мұңдасып қана өлеңмен,
Сырласып қана өлеңмен.
Өзіңмен-өзің болатын,
Бақытты іздеп келем мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері