Өлеңсіз болған емес бір күнім – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Өлеңсіз болған емес бір күнім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1022
Өлеңсіз болған емес бір күнім,
Жатқызбайды өзі қозғап шіркінің,
Кейде өлең самал жел боп аймалап,
Кейде мені дауыл болып сілкідің.
Өлеңсіз өткен емес бір күнім,
Өлеңсіз болған күннен үркідім,
Нөсерлеген түндерімнен ояндым,
Мен өлеңнің естіп әр күн күркүрін.
Өлеңсіз оянған жоқ бір күнім,
Әуен болып келеді ғой шіркінің.
Ұлы дария ағысымен бірге ағып,
Ұлы теңіз толқынымен бұлқыдың.
Жұлдыздарын шашуменен түн-түнім,
Мұны, бәлкім, біле бермес кім-кімің.
Алдымнан шығады да ақ таңым,
Өлеңсіз сәлем бермес бір күнім


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері