Қара тал

Бұл бетте «Қара тал» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1154
Жайылып жантағына нар атандар,
Жұдырық боп түйіліп алақандар,
Осынау біздер туған қара жерге,
Қасқиып қарсы өскен қара талдар!
Жандары – бірі жаздай, бірі – көктем,
Тұлпардай ғасырлардан дүбір жеткен,
Тамырын терең тартып қара талдар,
Біз өскен туған жерді тұғырлы еткен.
Жау қашқан саясына жау бекінбей,
Жер үсті, жер асты бар дәулетіндей.
Жайқалтып жапырағын қара талдар,
Тараған әр сабағы әулетіндей.
Ағысқа қарсы жүзер сазанындай,
Болса да тауқыметі – азабындай,
Қасқиып қарсы өскен қара талдар,
Қара нар, қара сарбаз – қазағымдай.
Асаудай құлыншағы төс тебіскен,
Ақыл-ой қазынасы көште піскен.
Қазақты елестетер қара талдар,
Қара тал – көрсем – қазақ
еске түскен.
Тікенек, жантақты да жаратады,
Шөлдердің қайыспайды нар-атаны,
Тереңнен тарта білген судың нәрін,
Аман-сау болсын елдің Қараталы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара тал өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Қара тал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара тал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара тал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері