Мен естіген көп адам
Бұл бетте «Мен естіген көп адам» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен естіген көп адам
Өсіресе ақындар,
Тойған болып дүниеден,
«Құрсын» деп «тұрмыс» тақылдар.
Опасызын білген соң,
Неге сонда - ақ өлмелі.
Қиялмай көзі жүрген соң,
Несіне босқа сөйледі.
Тұрмыс деген тәңір атқан,
Ұйықтап жатқан айдаһар.
Оят - тағы аукызынан
«Бақ» дегенді барып ал.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі