Тау асып, құзар шыңға жеткенімде

Бұл бетте «Тау асып, құзар шыңға жеткенімде» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 741
Тау асып, құзар шыңға жеткенімде,
Бір ғажап көрініс көрдім көктемімде,
Алатаудың басында қар жауды да,
Нөсерлеп жаңбыр жауды бөктерінде.
Бірің қалып, озасың бірің көштен,
Дүние-ай, неткен жұмбақ дүбірлескен,
Алатаудың басында қарлы қыс тұр,
Етегі көктем болып ғұмыр кешкен.
Ақ бұлттар асқар тауды асып жеткен,
Тіршілік несібесін шашып төккен.
Алатаудың ақ шыңы мұз боп қатқан,
Алатаудың бауыры ғашық көктем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау асып, құзар шыңға жеткенімде өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Тау асып, құзар шыңға жеткенімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау асып, құзар шыңға жеткенімде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау асып, құзар шыңға жеткенімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері