От жалын ой өртеп ішті – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «От жалын ой өртеп ішті» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2769
От жалын ой өртеп ішті,
Жай таптырмай жаныма.
Өткізумен ерте - кешті,
У жайылды қаныма.
Ойда - қырда, оңда - солда,
Жұбатар зат таппадым.
Ойдағы іс келсе оңға,
Бұрқ етпекші жас қаным.
Өмір шіркін оны күтпей
Бара жатыр сырғанап.
Жұртта қалған бір күшіктей,
Нақақ тарттым құр азап.
Құрдастардың бәрі - дағы,
Бала сүйіп жар құшып.
Ыңғайлады шаруаны,
Көжесін ғып, малта ішіп.
Айтын айттап, тойын тойлап,
Қан сонарда аң қуып,
Бас қатырмай болмасты ойлап,
Жылы пешке жүр жуық.
Бала сүйіп, жар құшып,
Шаруадан мен аулақ.
Дамыл таппай, от жұтудан,
Өр жүрегім жүр даулап.
Асықпасын бұл қаскүнем,
Еркін маған бір тиер.
Сонда жалған бар жанымен,
Алдыма кеп бас иер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

От жалын ой өртеп ішті өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

От жалын ой өртеп ішті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

От жалын ой өртеп ішті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

От жалын ой өртеп ішті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері