Иіліп көтермедің қырын қарап – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Иіліп көтермедің қырын қарап» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 682
Иіліп көтермедің қырын қарап,
Болғасын бірің бала, бірің дана.
Тірліктің жолындағы сол бір тасқа,
Екі қабат күйімен сүрінді АНА!
Тас жатпай,
Жол ашылса гүл шағында.
Батар ма ең,
Батпас едің мұнша мұңға...
Аңсыз тасқа сүрінген АНА-өмірдің,
Мерттікті бір тіршілік құрғасында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері