Көкжиек – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Көкжиек» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1553
Қадамыңды қарыштап,
Бассаң дағы жаныштап,
Жеткізбейді көкжиек,
Жақындасаң алыстап.
Жүйрік тұлпар мінсең де,
Найзағайдай тілсең де,
Жеткізбейді көкжиек,
Қалай қарай жүрсең де!
Босқа ғұмыр өткізбей,
Жеттің бе ерте,
Жеттің кеш...
Сен тұрған жер көкжиек,
Біреу үшін жеткізбес!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері