Өлең, жыр, ақындар

Шығыс пен батыс

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1222
Шығыстан күн шығады күлім қағып,
Қарайсың ұлы күнге нұрың танып.
Адамзатқа дем берер шарапатты,
Дүниеге тарайды ұлы жарық.
Батыстан Күн батады құлап барып,
Жұлдыз – Ай түн шығады сыр ақтарып.
Батыстан қимай күннің қоштасады,
Жүрегіңде бір жұмбақ сұрақ қалып.
Бұл әлем ертең емес, бүгінге асық,
Бірін бірі сүйетін гүлім ғашық,
Шығыстан таң атады таң бозарып,
Күн шығар дүниеге нұрын шашып.
Дүние бар әлемді тыңдатады,
Жүрегінде бір ыстық мұң жатады.
Қызарып қызыл ымырт иек қағып,
Батыстан қиай-қимай күн батады.
Сағынып шексіз мынау кең кеңістен
Екі бір бауырындай Жер көріскен.
Шығыс пен Батыс мәңгі дәл осылай,
Күн мен түн екі арасын тең бөліскен.
Қимай-қимай күн сайын қоштасар ма,
Қол алысып қос бауыр достасар да,
Шығыс пен Батыс мәңгі бір-біріне,
Сондықтан да ұқсамайды ешқашанда!

21 шілде 2012 жыл
Лондон шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдыр

  • 0
  • 0

Өмірден өтер дейсің кез ілмей кім?
Адамнан бәрін күтем,
Безінбеймін.
Енді мен ажалымнан басқа дұшпан,

Толық

Туған жерім үшін де...

  • 0
  • 0

Атымды Шөмішбай деп қойған екен,
Есімім, өзің жайлы ойға кетем.
Ойыммен Аралымды он айналып,
Сырымдай дарияны бойлап өтем.

Толық

Бір ел бар...

  • 0
  • 0

Бір ел бар сондай ертегі,
Жер жаһанда жүр үні.
Белгісіз жұмбақ ертеңі,
Бақытты бірақ бүгіні.

Толық

Қарап көріңіз