Нар өркешті сөздердің – түйесін ал – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Нар өркешті сөздердің – түйесін ал» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 921
Нар өркешті сөздердің – түйесін ал,
Пәтуалы сөздердің киесі бар.
Иесіз сөз болмайды,
әрбір сөздің,
Ата-баба дейтұғын иесі бар.
Қарашы Тәңір қолдап
жаратуын,
Мен – ақын, әр бір сөздің қанатымын,
Сөз деген Құдай сөзі,
Тәңір сөзі,
Сол сөзден басталады –
АНА ТІЛІМ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері