Лирикамсың сен менің – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Лирикамсың сен менің» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 920
Лирикамсың сен менің,
Бүршік гүлдей нәзігім,
Жүрегімнің сазы мұң,
Құс жолында адасқан,
Менің алтын қазығым.
Лирикамсың сен менің,
Жүрегімді тербедің,
Дертім болып меңдедің,
Бұрын соңды осылай,
Ғашық болып көрмедім.
Лирикамсың сен менің,
Аққу айдын көл ме едің,
Бір басылмас шөл ме едің,
Ессіз саған ғашықпын,
Лирикамсың сен менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері