Ертеректе ер жүрегім
Бұл бетте «Ертеректе ер жүрегім» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ертеректе ер жүрегім,
Ізгі, еркін, ерке еді.
Бар үмітім, ен тілегім
Мәңгі сондай... көрік еді.
Елең, алаң күйде өскен,
Улы желге мас болып
Жас жүрегім танып естен,
Қайнайды қатты тас болып.
Күйді, қатты қара жер, тас,
Болды енді жібімес.
Алмас - алмас, найза батпас,
Отқа салса ерімес.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі