Өкініш

Бұл бетте «Өкініш» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 982
Бекерге бүліне берме сен,
Тағдыр ма бөлген іргені?
Шығарда жаны бірге еді,
Өзіңнен өзің көрмесең.
Ессіз-ау, түсіп қолыңа
Тұр еді дерттен дін аман,
Жаны пәк, таза күнәдан,
Жоғалтып алдың соны да.
Құмарлық отын жақтың да,
Көрмек ең күйіп-жанғанын,
Әрі қарай сүйе алмадың,
Ләззатын оңай таттың да.
Бәрінен жеріп өз басың,
Шөлдегі жалғыз ағаштай,
Көрсең де, тұрсың жақ ашпай,
Күнәсіз ғашық көз жасын.
Құдайым артық шаттығын,
Қиған ба бізге осындай,
Өтерсің өксіп, қосылмай.
Басылмай жатып аптығың.
Сүйерсің, тіпті, сен кейде,
Ернін бір сұлу қардың да,
Сол шақта көзің алдында,
Тұрар-ау асыл сол бейне.
Енді ме, енді шын бар да,
Аяғын құш та, жалбарын,
Кешір, деп өтін бәр-бәрін,
Тозаққа түспей тұрғанда.
Мейлі, енді кімге бас ұрдың,
Бәрі де ондай болмас-ау,
Орыны мәңгі толмас-ау,
Айырылған алғаш асылдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініш өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Өкініш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері