Farewell

Бұл бетте «Farewell» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 735
(Байронист)

Кешір! жұртқа бақ тіледім,
Жетсе оным көк түбіне,
Саған деген ақ тілегім
Көктен де асып кетті міне!
Керегі не босқа сарнап,
Көз жасы да қан аралас
Ақтық рет қоштасарда
Аһ ұрғандай бола алмас.
Ауызда ләм, көзде ылғал жоқ,
Құпия ойдан тылсым кеуде.
У жайылар, қоздырар дерт –
Лаж кәне күрсінбеуге!
Бақыт іздеп кемді күнде
Сандалармын әлі сан сақ.
Кешір! Кешір! - енді білдім –
Болып шықты бәрі жаңсақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Farewell өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Farewell өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Farewell өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Farewell өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері