Ризамын
Бұл бетте «Ризамын» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ризамын! Кеше менің сырымды,
Жырымды да қабыл алдың өзің шын.
Ұқпасаң да ынтық зарым, мұңымды
Көңіл жықпай ынта қойдың, сол үшін
Ризамын!
О бір кезде ес тандырдың шет елде,
Өткір сөзің, от жанарың елесі.
Өле-өлгенше көңілімнен кетер ме,
Тілеймін тек маған сен де демеші:
Ризамын!
Құл боп сенің аяғыңа бас ұрған
Байғұстарың аз болса екен жасырман,
Жаным және есітуді қаламас
Деген сөзді у кекесін аралас:
Ризамын!
Мейлі маған ызбар шашып кескінің
Қалдырмасын үміт-арман ешбірі,
Қалмай қойсын сен тірілткен олжа да:
Жаным менің дер-ay саған сонда да:
Ризамын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі