Өлең, жыр, ақындар

Оба

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 473
(Үзінді)

Сонау жылы қара жердің беті қан,
адам біткен ажал-селде жүргенде
достығынан айнымапты екі жан –
шын сезімді өлім - жау да үзген бе.
Ашынудан есі шығып халықтың,
жердің үсті көрге айнала жаздаған.
Арасында өліктер мен табыттың
ол екеуі құшақтарын жазбаған.

Біріншісі тым жас екен намысты,
жастық оты ұшқындаған жанардан;
шапшаң ойлап, батыл шешкен әр істі,
балғын жүзден көрінетін сан арман.
алғанда мынау сұмдық, қырғынға,
жаны жасып, шыдамай ол жылады;
Астан қалды берілді де бір мұңға,
сақтай көр деп құдайынан сұрады.

Екіншісі көпті көрген жан-тұғын,
кешкен талай зұлымдығын өмірдің;
сан өткерген құмарлықтың бал түнін,
ойлы жүзі - белгісіндей со күннің.
Жүрегі де қайғы-мұңды өткеріп,
Қатал тағдыр салды азапқа не түрлі.
Ол сонда да өзіне күш - от беріп,
тіршілікті қимайтұғын секілді.

Кенет үнсіз қарады да досына,
Қалғандай-ақ тамырларда қан тоқтап,
тұрды-отырды шыдам таппай, шошына,
Қарай берді жан досына жалтақтап.
Тұрса-дағы іштей жылап, езіліп,
тіл қатпады, жүзі бейне түнек түн,
ол жасырды елжіреген сезімін,
бітті ғой деп шыңғырғанын жүректің.

Иә, бітті! Тірелді енді түнекке:
Жан досынан әл кеткені - көргені,
аяулысын қимағанмен, жүректе
тірі қалар деген үміт сөнбеді.
Шыныменен кеткені ме? Бұ қалай...
Демі бітті, жапты мәңгі кірпігін.
Тым болмаса, тым болмаса құдай-ай
естір ме еді ең соңғы бір ыңқылын.

Жын ұрғандай досы қалды шерменде,
Қол қусырып, бет-жүзінен әр кетіп;
күлгісі кеп аузын аша бергенде
тұрып қалды жанарынан жан кетіп.
Жұрт жиналды екеуіне үймелеп,
(көз жұмылса күтер сыйың сол тегі...)
Қармақпенен аяусыздан сүйрелеп
ағаш үйіп қос денені өртеді...
Жұрт кешірмес күнәларды
Кешіргенім үшін мені
Талай адам сынап алды,
Жаман көрді, түсінбеді.
Сонда тағдыр жазалады,
Тастап маған кесірлерін:
Сезімді алды - жан ажары,
Сонысы үшін кешірмедім.
Қайда қашам адамдардан –
Жүрдім малтып мұң желімге;
Кімді көрсем - жанарда арман,
Шаттық толы жүздерінде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреуді сүйе қалсам, көріп теңдес

  • 0
  • 0

Біреуді сүйе қалсам, көріп теңдес,
Махаббат өміріме көрік бермес,
Обаның қара жері дағындай жеп,
О құрғыр жүрегімді қариды-ай кеп.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Сол бір досың түсіп күйкі сезімге.
Бар үмітін саған артқан кезінде,
Қаперіңе сонда түк те кірмеді-ау,
Үрейлі өлім тұрғандығы көзінде

Толық

Менің үйім

  • 0
  • 0

Күмбезді бүткіл аспанның асты үй маған, —
Ән қанатын қаққан жердің барлығы,
Өмірде мынау тіршілік біткен сыйды оған,
Ақынға да болмайды оның тарлығы,

Толық

Қарап көріңіз