Қу дүниеде ұзақ тұрам деп санаман өзімді – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Қу дүниеде ұзақ тұрам деп санаман өзімді» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 740
Қу дүниеде ұзақ тұрам деп санаман өзімді
Көрмеспін де ендігәрі мүмкін сенің көзіңді –
Күн көзіңді басқа жұрттың өртейтұғын қан-жанын,
Көрмеспін де бақастардың жұлдызының жанғанын;
Алдарынан жарылқасын. Өкпелемен бірақ та
Жетпедім деп басқалардың қолы жеткен мұратқа;
Егер бірақ сүйгеніңді келсең маған сездірмей,
Сүйе тұра сүймегенсіп, жүрсең мені көзге ілмей,
Іштен тынып жанғаныңмен, өзіңді өзің азаптап,
Кездескенде кетсең егер мен байғұсты мазақтап,
Сонда нағыз кінәлі кім, шын ғашық кім екен
Мөлдіреген мұңға толы көзбен аян етемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері