Құдірет қызына – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Құдірет қызына» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Көрсем мен сенің бейнеңді
Бейуақта бейіш төрінен,
Өртесең менің кеудемді
Есті алып сиқыр өңіңмен,
Қызықтың бәрін жердегі
Ұмытар жандай көрінем.
Көзіңнің мөлдір түбінде
Тұнады тыныш бір жалған,
Ұнайды мақпал үнің де,
Шыққандай алыс шыңдардан,
Өкпеңде, назды күйіңде
Шабыт тұр хақтан нұрланған.
Қайтейін, жүрсің жырақта,
Жұлдызың маған жанбаған.
Бар шығар біреу бұ жақта
Мен үшін басын байлаған,
Сұлусың, әттең, бірақ та
Сүйікті болу қайда одан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері