Кеудемді кернеп арманым – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Кеудемді кернеп арманым» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2303
Кеудемді кернеп арманым,
Қиялым -құрыш қорғаным,
Дем басып,
Қырда отырмын
Жүгірген жолдар жан - жағым.
Айналып ұшқан тырналар,
Ынтығып туған жеріне.
Қиқуға басып толғанар
Айнымай тартқан тегіне.
Тоғысқан тағдыр торабы,
Белгілі қайда барады.
Түйсіктің,
Таудай талабы
Тайғақтап,
Жолын табады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері