28 қыркүйек – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «28 қыркүйек» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 767
Неше мәрте толғандырды осымен
Көзің нұрдан жаралған.
Сенің үнің салды менің есіме
Қымбат жанды жер алған.
Соның бекер! –
Дірілдеген денеңді
Құштырып жат пендеге,
Қараңғыда:
Сүйдім!
Күйдім! дегенді
Айтарың бар өңгеге!
Мойындашы:
Қойынында еріңнің
Бәрі жалған екенін:
Күйіп тұрған құшағың мен ерінің –
Кіріптары некенің;
Оны саған лайық деп санаман,
Артықсың сен кәріңнен.
Жүрегіңді сыйлар кезде сен оған
Сырластың ба арыңмен.
Сен бар жерде айырықша лүпілдеп
Соқты ма оның жүрегі.
Сұм жалғанды мансұқ қыла білді ме
Өзіңді ойлап үнемі.
Іштей қатты егілді ме қиналып,
Көздің жасын көрсетпей.
Жалындаған жас кезі мe қиғаны
Жаныңдағы бір сәтке?!
Жоқ, әрине! Ондайлар құр мақтаған
Шыға алмайды ойыңнан:
Тас мүсіндей сырт сұлулық тек қана
Таба білген бойыңнан!
Оған сенбей, сенер болсаң сезімге
Сенің жаның алаулы
Мұңға толы, махаббаттың өзіндей
Нәзік жанға байлаулы!
Түсіңе балап үмітті,
Жалғанды шын деп көне бер,
Мақтау да, ант та күдікті,
Мен сүйсем бірақ, сене бер:
***
Сүйемін, сүйем!
Нанбасаң,
Көзімнен оны аңдайсың;
Күнә ғой сені алдасам,
Тәңірді қалай алдайсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

28 қыркүйек өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

28 қыркүйек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

28 қыркүйек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

28 қыркүйек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері