Жүрдек поезд – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жүрдек поезд» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3595
Жолым түсіп,
Сапар шектім алысқа.
Арпалысып,
Тірлік деген жарыста.
Тербетеді доңғалақтар әуені
Таратады,
Темір даусын бар тұсқа.
Перрондар,
Қалып жатыр қалалар.
Қымыз құйып,
Нан ұсынған Аналар.
Қол ұстасып жарысады бағандар
Төбе, төбе жасыл орман, далалар.
Дүрілдетер
Болат жолдар денені,
Қол ұстасып
Шпалдардың білегі.
Үнін қосып,
Алпыс екі тамырым
Дүрсілдетіп көкіректі кереді.
Ұйқтамайды
Жер-Әлемнің-жүрегі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері