Сонет

Бұл бетте «Сонет» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 687
Өшкен үміт көңіліме қайғы сап,
Көлбеңдейді өткен жылдар елесі,
Бұлтты түнде көкті кезген ай құсап
Толықсисың, көз алдыма келесің.
Пәк жанарың, шат күлкіңді аңсаумен
Ғұмыр кешкен мен бір ғаріп бишара.
Мен табынып, зарыққанмен, жан сәулем,
Сүймеген соң - жігерім құм, не шара.
Мен үздігіп, бір өзіңе талпынған
Кезімде де сол самарқау қалпыңнан
Айнымайсың ешбір елең қылмастан;
Жағадағы жартас еш тіл қатпайтын
Тыпыршыса мың сан толқын тынбастан
Көңіл бөлмес һәм бетінен қақпайтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сонет өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Сонет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сонет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сонет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері