Ақталу – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Ақталу» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 867
Атыңды сенің аяулы
Жүретін айтып ескеріп,
Адасқан көңіл-қаяулы
Кетсем тастап естелік,
Жария қылып көп жұртқа,
Қара жердің астында
Қалса сосын мәңгі ұйықтап
Қайран жүрек, тасқынға
Ұқсап аққан қаны бар,
Сол жүректе ғаламат,
Майдандасқан шағы бар
Махаббат пен ғадауат.
Алаңсыз, кірсіз сүйгенің
Күнә боп көпке көрінсе.
Амалсыз басты игенің –
Ұяттан жасың төгілсе.
Жазықсыз жап-жас күніңді
Күнәға сонша батырған,
Қылмыскер мендей құлыңды
Кеше гөр сонда, асыл жан!
Жазғыру естіп бұл жұрттан,
Жалғыздық батып, қам жесең
Қасіретім қалың, сондықтан
Кешуге хақым бар де сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақталу өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Ақталу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақталу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақталу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері