Бұл бетте «Күн» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн батты да, тірлік біткен тұншығып,
Қартаң тартты тұрған жайнап мың шыбық.
Көлеңкеге айналғандар азалы,
Қараңғыдан жатқандай, бір, мұң шығып.
Қара туын бүркеп жаһан басына,
Түн айбынды, құдіретін асыра.
Танды күтер ақ ниет бар, дәме бар,
Табиғат та таңды күтер асыға.
Табиғат — заң, заң біткеннің қаталы,
Еш мүлтіксіз бәрі тынып жатады.
Ерік жоқ-ау, тіпті күннің басында,
Күліп атып, жыламсырай батады.
Таңды күтсе бір пенделер арыла,
Біреулері күйе жағар арына.
Арман-адам өтеді екен жете алмай,
Бір таңына кездесе алмай, тарыға.
Ақтау. 1.03.1999 ж
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі