Алыс шақырымдар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алыс шақырымдар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 984
Алыс шақырымдар...
Алыс шақырымдар... –
төзетiн аяз, аптабым,
баратын өлке, жондарым,
қиналып шығар соқпағым,
ұйқысыз темiр жолдарым.
Шақырымдар,
шақырыңдар.
Зымырап ұшқан шағымда
жерiм бар болса ашпаған,
мен зулап келе жатқанда,
ақ жолақ шлагбаумдар,
жолымды кесiп тастама...
Жетейiн алып-ұшып мен,
өтейiн сансыз өткелден, –
бәрiнен қолды үзiп мен
пойызбен, кеме, таксимен,
ақиық самолеттермен.
Сапар қып жылдың сан айын,
жыр сыйлап жас пен қарттарға,
аялдамаларға барайын,
қонайын аэропорттарға.
Шақырымдар,
шақырыңдар!
Сананы сансыз жұлқылап
жарылар сел боп ағынан,
ұшайын жұмбақ, құпия
жырлардың жұлдыздарына.
Шақырымдар,
шақырыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыс шақырымдар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алыс шақырымдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алыс шақырымдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыс шақырымдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері