Бұл бетте «Қысқы қала кеші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағат алты,
кешкi сәт.
Симастан көше, алаңға
шұбырып кеттi көш құсап
жұмыстан қайтқан адамдар.
Қуады үнсiз шыңылдап
аялдап қалсаң кiшкене,
құлақтар менен мұрыннан
қыршаңқы аяз тiстелеп.
Ағаштар үнсiз қалғып бiр
киiп ап қардың қолғабын,
қозғауға сiлкiп қорқып тұр
ерсiлеу созған қолдарын.
Көрiнбей кетер бет деген
демiңнен ақ бу атқанда,—
үздiксiз
әрбiр өкпеде
жарылыс болып жатқандай.
Асығыс бәрi, асығыс
алардай бәйге —
қай озған.
Асығыс бәрi, асығыс
асықпай көршi аязда!
Асықпай жайлап жүрер де ем
ойламай тоңған құлақты,
тiстейдi бiрақ жүректен
уақыт аяз сияқты.
Жататын жар сап өлкемде
асығу керек көктемге.
Асығу керек Ертеңге.
Асығу керек Өткенге...
Сағат алты,
шағы бұл
мезгiлдiң зырлар арындап...
Мұнараның қарулы
алпамса ауыр қолында, —
шеңберiн шiреп тұр керiп,
қадалар қайда жерiм деп,
дiрiлдеп сағат тiлдерi
садақтың жебелерiндей.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі