Өлең, жыр, ақындар

Н. нүктесі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 638
Дей алмаймын ой, сезiмге жарлы едiм,
әскери бiр құпиядай жасырын
жүрегiмнiң Н. нүктесi бар менiң.
Сол нүктеде –
әнiм болса мақтаулы,
сол нүктеде –
жырым болса баптаулы.
Сол нүктеде...
Н. нүктеде, әйтеуiр,
бар байлығым,
бар қуанышым сақтаулы.
Сол бiр нүктем – Н. нүктем
құралған ғой асқарлық пен кеңдiктен.
Сол бiр нүктем – Н. нүктем
үмiтiмдi ұялатқан ел күткен.
Бiр тамшы қан – тұла бойды аралар –
сол нүктеден...
Н.нүктеден тараған.
Сол нүктенiң құртпақ болған ғұмырын,
сол нүктенiң жоймақ болған ұғымын
өшiрдiм мен қаншама рет қатерлi
өсек сөздiң бықсып жанған шнурын.
Қирата алмас ешкiм оны
қалсам да
жалғыздық пен сарсаңда.
Орманым да,
ойларым да,
жырым да –
бүкiл менiң табиғатым бар сонда!
Сол бiр нүктем сiлкiнедi сағынсам,
қан тамырға таулы өзендей ағын сап...
Елiм менен Жерге деген керемет
махаббатым жатыр соған тамыр сап.
Сол бiр нүктем...
Н.нүктем.
Құралған ғой асқарлық пен кеңдiктен.
Сол бiр нүктем...
Н.нүктем.
Үмiтiмдi ұялатқан ел күткен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат және қос тораңғы туралы жыр

  • 0
  • 0

Кететұғын адам жанын жаралап
аңыз ғой бұл елдi жүрген аралап...
Баяғыда, ерте кезде
екi жас

Толық

Түсініксіз құбылыс

  • 0
  • 0

Басым мең-зең.
...Көзіме үйқы тығылып
Қалғып кетіппін...
Бір қарасам,

Толық

Сұлу

  • 0
  • 0

Ғажабын-ай!
Көрген кезде
Жүрегiңдi жарып жiберердей,
От қылып жағып жiберердей

Толық

Қарап көріңіз