Әйекеш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әйекеш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1298
Әй!
Әйекеш көркің сұлу — бекзияда,
Даңқыңды жіберейін жер қияға.
Бетің ай, белің қылдай, асыл еркем,
Қалайша тудың екен дүнияға?

Қайырмасы:
О-хоу, о-хоу, дүнияға-ау.

Қара көк қайда бармайды, бос жіберсем,
Тоямын қызығыңа көз жіберсем.
Қалқатай, не деп жауап қайырарсың,
Қарлығаш қанатынан сөз жіберсем.

Қайырмасы:
О-хоу, о-хоу, дүнияға-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері