Қисық ағаштар

Бұл бетте «Қисық ағаштар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 844
Қисық өскен ағаштар...
Неге оларды жатыр бәрi аластап,
Дендерi сау,
ауруы жоқ құрт түскен
неге оларды жатыр бәрi аластап...
Қисық өскен ағаштар...
Қуып шығып көше, аула, ортадан,
қызыл етiн жұлады кеп жаңқалап, –
екi езуi көбiктенiп араның,
қарш-қарш шайнап балтырынан балталар!
Шыдай алар бұған ендi жан қайтiп.
Әншейiнде бiр сәт тыным алмайтын
қайда кеткен кiнәлайтын айып сап
мекемелер «Табиғатты қорғайтын»?!
Шырылдаған –
мұңлы әнменен үздiккен,
ұя салдық,
сенен бiздер ұштық деп
топ-топ болып төгiледi аспаннан
төбесiнде шырқ айналып құс бiткен.
Ағып келген асығыс жел судырап
құшақтап ап ағаштарды тұр жылап:
сендерменен болатын ем күштiрек,
сендерменен болатын ем шулырақ, –
дәл осылай асығыс жел тұр жылап.
Күзгi жаңбыр жауды қалғып, сылбырап,
ойлы ақындай ауыр мұңлы жыр құрап.
Жатыр үнсiз қисық өскен ағаштар
көшелерде,
аулаларда тұнжырап.
Айта алмастан ауыр азап шеккенiн,
қисық-қыңыр саусақтары кеттi өлiп, –
қағып-қағып сәл босаңдау тартылған.
жаңбырлардың суық, мұңлы шектерiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қисық ағаштар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қисық ағаштар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қисық ағаштар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қисық ағаштар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері