Бұл бетте «Түн, қысқы бақ ішінде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келiп едiм күн нұры батқан шақта,
Манаурап маужыраған бақтар жаққа,
Кеңiстiкте iлiнiп қалатындай
Жауып жатыр аспаннан аппақ мақта.
Түннiң мамық қап-қара шашын жарып
Көшелерден көрiнер жасыл жарық.
Шақырлатып тiстерiн жатыр ақ қар
Табанымның астында ашуланып.
Алыс аспан кеттi ғой жақындай боп
Iштен тыныш жыр жазған ақындай боп.
Паң табиғат талмаурап ұйықтап жатыр
Қымыз iшiп кұлаған батырдай боп.
Жалаңаш бақ менi кеп тартады әрi,
Кетiп бара жатқандай алға бәрi.
Сүйектерi сойдыйған қара ағаштар
Әлдекандай алыптың қаңқалары...
Түннiң мамық қап-қара шашын жарып,
Көшелерден көрiнер жасыл жарық,
Шақырлатып тiстерiн жатыр ақ қар
Табанымның астында ашуланып.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі